Кітапхана жастармен бірге!

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, «Кітапхана жастармен бірге!» тақырыбында кітапханалық non-stоp қаламыздың орталық саябағында өткізді. Мерекелік шараны кітапхана директоры – Р.Бабажанова мен «Жастар қуаты» волонтерлік корпусының лидері – Ш.Тілеулиев ашты. Арнайы көркемделген «Жалынды жастар-жарқын болашақ» кітап көрмесі жастардың назарына ерекше ілігіп, кітапқа деген қызығушылықтарын оятты. Қала тұрғындары мен қонақтарының, жалынды жастардың қатысуымен көңілді ойындар ойнатылып, әдеби викториналық сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, кітапхананың белсенді жастары әдемі әуезді ән шырқап мерекенің шырайын кіргізді.

«Ұшқыр ой мен шешен тіл», «Махаббат пен поэзия» әдеби ринг; «Қазақ Зиялылары» викториналық ойындар ойнатылып, белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа