Кітап жолы – Bookway

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы екі ірі дата: ғұлама ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын кең көлемде атап өту туралы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «Кітап оқып, рухани бай болайық!» жобасы аясында «Кітап жолы – Bookway» әдеби автобус акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, «Shymkent Bus» ЖШС-інің №158 қалаішілік бағыттағы қоғамдық көлік жолаушылары қатысты.

Ұлы ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының бейнесін Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының әртісі Еркінбек Шымырқұлов сомдады. Абай өлеңдері оқылды, әндері шырқалды. Жолаушыларға қос ғұлама Фараби мен Абай туралы ақпарат беріліп, әдеби викторина ойнатылды. Белсенді жолаушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.

«Артқа