Кітап оқып, рухани бай бол!

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білім деңгейін арттыру, руханиятты зерттеп білуге деген құлшынысты ояту, әдеби-мәдени сөйлеу әдебін сақтау мақсатында, «Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысының тұжырымдамасы аясында кітапханашылар байқауы өтті.

Қазылар алқасы: Ж.Шанин атындағы Академиялық театр режиссері Сая Қасымбек, жазушы Зылиха Жантасова, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының директор орынбасыры Ұлбике Тұранбаева, Сайрам ОКЖ, Түлкібас ОКЖ директорлары болды.

Кітапханашылар үш кезең: Печа-куча (слайд-презентация), «Әдебиет айдынында тоғысқандар» (әдеби монолог, сахналық көрініс), блиц-сауалнама «Біз WhatsApp желісіндеміз» арнайы сұрақ қою арқылы оқырман пікірін білу, іріктеу бойынша бақ сынасты. Байқауға А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебеп ғылыми кітапхана, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы, Созақ аудандық орталық кітапхана, Келес аудандық орталық кітапханасы қатысты. «Бір ел – бір кітап», «Бір өлке – бір кітап» акциясын қорытындылап, жылдың үздік көркем әдеби шығармаларын кеңінен насихаттаған байқауда жасөспірімдер кітапханасы ІІ орынды қанжығалап, сый-сияпатқа ие болды.

«Артқа