Кітап оқып, рухани бай болайық!

20-23 қазан 2020 жыл.


Орталық саябақта «Кітап оқып, рухани бай болайық!» жобасы аясында жылжымалы кітап апталығы өтті. Көрмеге Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. қазақ классиктерінің кітаптары, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары, мерзімді басылымдар қойылды. Кітап сүйер қауым рухани орданың шырақшылары ұсынған, жүрегіне жақын кітаптарды жаздырып алып, ыстық ықыластарын білдірді. Кітапхана туралы, кітап оқудың рухани құндылығы туралы буклеттер таратылды.

«Артқа