Кітап – тарих, шежіре!

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі және Абай кітапханасы бірлесіп «Абай» саябағында «Кітап – тарих, шежіре!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік шара №78 ЖОББМ-нің «Шашу» биімен басталды. Кітапхана қызметкері А.Поштаева кітапхана қорынан жасақталған балаларға арналған QR- кодталған кітаптар, жергілікті ақын-жазушылардың туындылары және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін мотивациялық кітаптарды ұсынып, арнайы таныстырып өтті. Кеш қонақтары: ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері – М.Байғұт, З.Қыстаубайұлы, М.Әбдіәкімұлы, С.Нұрманұлы, А.Қалшабек, Б.Алдияр, С.Олжабай және мәдениет қайраткері А.Асқар, журналист Б.Нарымбетова т.б. кеш қатысушыларына жүрекжарды тілектерін арнап, жастарды кітаппен дос болуға шақырды. Сонымен қатар, белгілі композитор Мұхит Қасқырбаев «Өмір» әнін көпшілікке тарту етті. Көрермендердің назарына ертегі кейіпкерлері шеруі «Кітап дефилесі» ұсынылды.

Түркістан сарайының өнерпаздары Берік Гүлнар «Қазақстан», Әмірбек Жандос «Шымкентім», Байкен Құрбаналиев «Сұлушашым» әндерін шырқап, оқушылар сарайының өнерлі жастары «Ертегілер әлемі» сахналық көрініс ұсынып, мерекенің шырайын кіргізді.

«Артқа