Кітап әлемі: кеше және бүгін

Отбасы күніне орай кітапханада «Кітап әлемі: кеше және бүгін» тақырыбында отбасылық кеш өтті. Іс – шараға үлгілі отбасылардың бірі, кітапханамыздың күнделікті оқырмандары – Абдазимовтар мен Нұржановтар отбасы қонақта болды. Шара барысында қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор екенін айтылды. «Отбасы – шағын мемлекет» тақырыбында бейнеролик ұсынылды. Жас оқырмандарымызға қонақтар, отбасы жайында қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақыл кеңестері мен бөлісіп кітапхана ұжымына алғыс айта отырып қонақ кәде сый ретінде «Алғыс» өлеңімен шашу шашты. Директор орынбасары Гүлжан Талғатқызы кеш қонақтары мен оқырмандарға ризашылық сезімін білдіріп, белсене қатысқан отбасыларды Алғыс хаттармен марапаттады.

«Артқа