Күй анасы – Дина

«Парасат жолы» орталығында 1 қазан – Халықаралық музыка күніне орай күйші-композитор, Қазақ КСР Халық әртісі, ұлы күйші Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Күй анасы – Дина» атты әдеби-сазды кеші өтті. Кеш «Домбырашы қыз» деректі фильмнен басталды. Іс-шараның арнайы қонағы ұстаз-домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалмахан Омар болды. Б.Өтеп атындағы өнер мектебінің өнерлі, талантты жастары Динаның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» атты күйлерін шертіп, Құрманғазының әлемге әйгілі үздік туындыларын орындады. Кітапхана оқырмандары М.Хакімжанованың «Ана сыры» Дина Нұрпейісоваға арнауынан әдеби-композициясын ұсынды. Сонымен қатар, халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі – дәстүрлі халық әндері орындалып көпшілік бір серпіліп, кештен рухани азық алып тарқасты.

«Артқа