Күмбірлесін құдіретті домбыра

3 шілде – Ұлттық Домбыра күні. Елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Осыған орай, осынау рухани мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, ұлттық аспаптың мәртебесін арттыру мақсатында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, қара домбырасын жанына серік еткен түрлі сала мамандарына «Күмбірлесін құдіретті домбыра» челленджін жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары жарияланған челленджі бірден іліп әкетіп, арнайы ұсынылған тегтеу арқылы өз парақшаларына құттықтаулары мен күй шашуларын жариялап отырды.

«Артқа