Көркем мәтінді шығармаларды талдау жолдары

«Кітапхана-білім, ғылым және мәдениет орталығы» жобасы аясында бүгін, «Көркем мәтінді шығармаларды талдау жолдары» тақырыбында әдеби-танымдық қорытынды сағаты өтті. Әдеби-танымдық сағатқа Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ Парасат колледжі студенттері қатысты.Зерттеу нысанына алынған М.Әуезовтің «Көксерек», «Қорғансыздың күні» бойынша студенттердің белсенді қатысуымен әдеби-теориялық талдаулар жүргізілді. Әдеби талдаулар бойынша толыққанды мағлұматтар алынды.Студенттерге көркем шығарманы талдау мен бағалаудың жүйелі негіздерін айқындауға әдеби-теориялық бағыт берілді.

«Артқа