Махаббат қызық мол жылдар

Қазақстанның халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың туғанына – 100 жыл. Кітапхана ұжымы политехникалық колледжінің ұстаздары және студенттерімен бірлесе, жазушының «Махаббат қызық мол жылдар» романын талқылау кешін өткізді. Қатысушылар жастардың сүйікті шығармасына айналған романның мазмұн-мәтініне шолу жасай отырып, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Басты кейіпкерлер «Ербол мен Меңтай» бейнелерін тереңінен ашып, образдарын сомдап шықты. Кітапханашылар жасақталған кітап көрмелеріне шолу жасап, жазушының басқа да шығармаларымен таныстырып өтті. Кеш соңында белсене қатысқан жастар Алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа