Менің әкем

Халықаралық әкелер күніне орай «Менің әкем» атты челленджі бастау алды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Есмахановтар әулеті бейнеролик дайындап, өз отбасындағы әкеге деген құрметін білдірді.

«Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді», – дейді отанасы Аққу. Ұл-қыздары Нұрасыл, Ақмаржан, Ақжан, кәусар көркемсөз оқып, әкелері Әділбекті мерекесімен құттықтады.

Челленджді Жусипов Бақытжанның отбасы қабылдап, ұл-қыздары Мәдина, Айша, Айзере, Арсен өлең оқып, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.

Челленджді Имантаев Нұржігіттің үлгілі отбасы қабыл алды. Балалары Нұрайым, Нұрасыл әкелеріне ыстық жарды құттықтауларын поэзиялық оқу арқылы жеткізді.

Facebook оқырмандары челленджді ерекше қабылдап, керемет пікірлерін білдірді.

«Артқа