Мен армандай аламын

«Мен армандай аламын» атты жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг өтті. Майра Жадикова тренингте «Дұрыс армандау мен мақсат қоя білу», «Жалқаулықтан арылу» тайм менеджмент, «Сырымды кімге айтамын?», «Мен өзгеремін. Қалай өзгеремін? Өзіме сенімсізбін» атты тақырыптарда сабақтар, ойындар және де «Өзін өзі бағалау» тесттерін өткізді. Жасөспірімдерді қызықтыра отырып, лотерея ойнатылып және де қызықты – пайдалы фильмдер көрсетілді. Кітапхана қорымен, көркемделген кітап көрмесімен таныстырылды.

«Артқа