Мен оқыған 10 кітап

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай, кітаптың құнды рухани азық, ақыл-ойдың дамуына пайдасы мол екенін бала бойына сіңдіру мақсатында «Мен оқыған 10 кітап» атты әдеби конкурс өтті. Конкурсқа Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектептің оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің оқыған 10 қызықты кітаптың мазмұнын ашып, арнайы слайд арқылы қысқаша әңгімелеп берді. Кітаптың мазмұнын тереңінен ашып, көркем әдеби тілмен ерекше жеткізген қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Белсене қатысқан оқушыларға құнды ерекше сыйлық «Кітап» табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа