Наурыздың жеті жаңалығы

Ұлыстың Ұлы күніне орай кітапхана жанынан құрылған «Жас өркен» әдеби клубының жастарының арасында «Наурыздың жеті жаңалығы» атты пікір алмасу кеші өтті. Мәдениеттанушы С.Ерғалидің «Ақиқат» журналында жарияланған «Наурызға қатысты жеті жаңалығы» мақаласын ортаға тастап, өзара ой-пікірлерімен бөлісті. Кітапхана қызметкерлері жастарға наурыз мерекесінің шамамен 5000 жыл бұрын тойлана бастағанын, Ресейлік ұлттық бас киімдер тізіміндегі «Наурызбөрік», «Наурызқалпақ» қазақтың ұлттық бас киімі екенін, таңбалы жартастан қашалған бітік суреттерден көрісу ғұрпы, ежелгі наурыз мерекесінің рәсімі жоралғысы, ғаламдық үйлесімді паш ету салтанаты екені туралы мәліметтерімен хабардар етті.

«Артқа