Наурыз келді, құт келді

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай «Наурыз келді, құт келді» этнографиялық сайыс өткізілді.

Жастарға – бабамыздың бойындағы ұлттық қасиеттерді, тәлімді тәрбие мен салт-дәстүрімізді дәріптеу, келешек ұрпаққа жалғастыру мақсатында өткен этнографиялық сайысқа Шымкент қаласы 6698 әскери бөлім сарбаздары қатысты. Жауынгерлер Ұлыстың Ұлы күні туралы тың деректермен ақпараттандырылды, белсенді 2 топ өзара сайысқа түсті.

«Сұңқар», «Тұлпар» тобының жауынгерлері «Наурызнама», «Ойсана» кезеңінде викторина сұрақтарына жауап беріп білімділіктерін, «Даналардан өрбіген – ұлттық спорт» кезеңінде қол күрес, арқан тарту арқылы күш-жігерін көрсетті.

Кітапханашылар Қ.Елекеева, Р.Сейдалиева, А.Жұбанның орындауында әуезді әндер шырқалды.

«Наурыз келді, құт келді» атты кітап көрмесі көркемделіп, шолу жүргізілді. Көрмеге ұлттық дәстүрден, ұлттық құндылықтардан сипат беретін кітаптар, мерзімді басылым бетінде жарияланған мақалалар қойылды.

Сайысқа қатысушылар бір деңгейде өнер көрсетіп, барлық топ мүшелері сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа