Наурыз – Көктем мерекесі

«Наурыз – Көктем мерекесі». Қазақ елі үшін қашанда қасиетті саналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қала тұрғындары үшін кең көлемде аталып өтті. «ShymQala» этно ауылының алаңында арнайы тігілген киіз үйлердің бірін көздің жауын аларлықтай қазақи нақышта безендіріп, Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алды. Осы күнгі мерекеге жиналған қауымға көже беруді ұйғарған кітапханашылар «Наурыз-тілек, Наурыз-дәм» мерекелік дастарханын жайып, дәмі тіл үйірер – наурыз көжеден дәм таттырды. Бір-бірін наурыз думан еркін микрафоны арқылы ән шашумен құттықтап, ақ тілектерін білдірді, өнегелі әңгімелер мен бата-тілектер айтылды. Ұлттық киімдер киіп, орамалдарын төгілдіре салып қызмет жасаған ұжым қыздары өздері дайындаған мерекелік қойылымдары мен көріністерін тарту етті.

«Артқа