Наурыз той Шымкенттен басталады

«Наурыз той Шымкенттен басталады» мерекелік кеш өтті. Арнайы көркемделген залда Наурыздың берекелі ақ дастарханы жайылып, ұлттық тағамдар қойылды, Наурыз көже үлестірілді. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері Н.Бегалыұлы, М.Байғұт, З.Қыстаубайұлы, Қ.Сәтмұханбетова және кітапхана директорлары Ш.Динасилова, З.Бегежанова қатысып, Наурыз мейрамының ұлылығы, ұлттық құндылығы туралы әңгіме өрбітті. Тұсаукесер дәстүрі орындалып, екі бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, үлкендердің ақ батасын алды.

Мейрам қарсаңында кітапханаға арнайы келген ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана директоры Ү.Мұңалбаева кештің қадірменді қонағы болды. Мерекелі, берекелі дастарханға батасын беріп, көңіл жарды ақ тілектерін жеткізді. Сазды бағдарламада қазақтың дәстүрлі әндері, күмбірлеген күйлері, мың бұралған билері орындалып, тағылымды да қызықты думан кеші болды.

«Артқа