Нашақорлыққа жол жоқ!

26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, келер ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануға, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру мақсатына «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәрбиелік ақпарат-сағаты өтті. Оған «Психикалық денсаулық орталығы» маманы – У.Жанмолдаева, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС» алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы – Д.Құтмамбетова арнайы шақырылды. Нашақорлыққа бой алдырған жастар туралы даярланған «Есірткі-қоғамның басты проблемасы» бейнефильмі ұсынылып, аталмыш тақырып тереңінен ашылды.

№2 «Саз» колледжінің өнерлі жастары жанға шипа, жүрекке жылулық сыйлайтын әндерден көпшілікке тарту етті. Қатысушы қонақтар 21 ғасырдың қатерлі дертіне айналған нашақорлықтың жастар өміріне сызат түсіріп, еліміздің өсіп-өркендеуін тежеп отырғандығын алға тартып, бұл індетпен барша қауым болып күрескенде ғана жеңе алатындығымыз жайында сөз қозғады.

«Артқа