Нашақорлыққа жол – тозаққа жол

Бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне «Нашақорлыққа жол – тозаққа жол» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды, онлайн өнегелік сағат өтті. Кітап қорын сақтау секторының меңгерушісі А.Алиева нашақорлықтың зиянды зардаптары туралы баяндап, аталмыш тақырыпта жарық көрген кітаптармен таныстырды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай жақындарының, қоршаған адамдарының өміріне де қауіп төндіретіні айтылды. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту шараларына ерекше назар аударылды.

«Артқа