Ойы бар найзағайдай жарқыраған…

Жастарды ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің авторларымен таныстыру, сәулетші маманының қыр-сырларымен бөлісу мақсатында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, профессор – Шот-Аман Уәлихановтың туғанына 90 жыл толуына байланысты «Ойы бар найзағайдай жарқыраған…» атты еске алу кеші өтті. Кеш аясында кітапхана қорынан Шот-Аманның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі мен архивтік фотолары ұйымдастырылды. Мерейтойлық еске алу кешінде алғашқы сөз кезегін алған Қазақстанның Құрметті сәулетшісі А.Мамырбаев атақты сәулетшінің жетістікке жеткен еңбектерін, елі үшін сіңірген зор үлесін атап өтіп, өзінің авторлық әнін тарту етсе, ҚР Мәдениет қайраткері – Рыскүл Бекталиева; бутофор шебері – Төрехан Ерназаров сөз алып, тектіден тараған ұлтжанды азамат туралы естеліктерін айтып, еңбектері жайында сыр шертіп, жүздеген шәкірт дайындаған ұстаз екендігінен хабардар етті. «Ұл-Ас» өнер мектебінің өнерпаздары дәстүрлі әндерден ән шашты.

«Артқа