Оқымысты ұрпақ – ұлт болашағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлығы, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Кез келген кітапхананың мақтанышы – оқырмандар. Біздің талантты, ынталы, белсенді өмірлік ұстанымы бар, кітапты сүйе білетін, қадірлей білетін ең үздік оқырмандарымыз көп. Осындай жақсы оқырмандарымыз көбейіп, кітапқа деген қызығушылық арта түссін деген мақсатта «Оқымысты ұрпақ – ұлт болашағы» атты бенефис шоу өткізілді. Кітапханамыздың бірқатар тұрақты оқырмандары әр – зейнеткер Сәрсенбаев Омархан Асаубайұлы, Тенгри бастауыш мектебінің жас маманы Сейсенбек Мөлдір Айдосқызы, Оңтүстік Қазақстан медициналық колледж студенті Аманбек Сымбат Уақытқызы, №9 мектеп оқушысы Әлібек Аружан Асқарқызы марапатталды. Үздік оқырмандарымызды дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Қасиетті кітапты болашақ өмірлеріне серік еткен оқырмандарға кітапханашы Қ. Елекеева өзінің әндерімен тәнті етті. (қатысушылар саны – 20 адам).

«Артқа