Пайым патшалығы

Журналист – жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі Иса Омардың «Пайым патшалығы» кітабының тұсаукесер кеші өтті.

«Өмір өрнегі», «Қаржаннан шыққан қаламгер» бейнебаянымен ашылған кеште, автордың жаңа «Пайым патшалығы» кітабының тұсаукесер рәсімі болып, кеш қонақтары ф.ғ.к, ғалым Б.Қалыбеков пен ақын М.Мұхтар жаңа кітаптың тұсауын шешті.

Журналист Ә.Әліп, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің журналисі А.Жайымбетов, Ә.Ахметов атындағы №61 мектептің мұғалімі М.Серикова өз жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Автордың «Адамдық қағидасы» жинағынан әдеби композиция оқыған «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының» шәкірттері мен Ә.Ахметов атындағы №61 мектеп оқушылары, Ө.Жәнібеков атындағы филология студенті Н.Сералиевтің ақынның «Қоңыр плащ, қоңыр күз» балладасы, ОАИУ студенті Г.Қалдаштың «Ақ жаңбыр» прозасы бойынша ой-талдауы оқырмандар жүрегіне жол тапса, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенті А.Сапар, Жоғары педагогикалық колледж қызметкері Е.Молда орындауында шырқалған әндер әдеби кешке шашу болып шашылып, әдемі көңіл-күй сыйлады.

Өз шығармашылық жолы мен «Парасат пайымы» кітабына енген туындылары бойынша толғана сөйлеген Иса Омар заманауи ой-толғамдары мен сазгерлік қыры мен сырынан да оқырмандарды хабардар етті.

«Артқа