Парасаттылық – мінез жарастығы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығында «Парасаттылық – мінез жарастығы» атты ақпараттық TIMES өткізілді. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады» – деп ұлы ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби айтқандай мінез бен ақыл жарасса ғана адамгершілікке, сабырлылыққа қол жеткіземіз. Адамның ақыл парасаты мінез-құлқынан басталады, сондықтан ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы деп айтуымызға толық негіз болады. Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш екендігі жан – жақты түсіндірілді.

«Артқа