Парасаттың шыңы даналық

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ашылған «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында «Парасаттың шыңы даналық» атты танымдық сабақ өтті. Іс-шара «Сайрам» медициналық колледжінің студенттері арасында өткізілді. Кеште парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, инабаттылық, салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, адалдық жайында әңгіме өрбіп, студенттер өзара аталмыш тақырыпты талқыға салды. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және адалдық қағидатын енгізу мақсатында өткізілген адалдық сағаты оқырмандардың көңілінен шығып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп жатты.

«Артқа