Парасатты пайым, орамды ой

«Адалдық жолы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығында тікелей эфирде т.г.к., ОҚМПУ-нің оқытушысы, «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлымен «Парасатты пайым, орамды ой» тақырыбында сұхбат жүргізілді. Іс-шара қонағы адалдық, сыйластық, жемқорлық тақырыбында әңгіме өрбітіп, оқырман сауалдарына жауап берді. Адамзаттың өмірде дұрыс жолды таңдауына, өз ісінің білікті маманы болып қалыптасуына кітап оқудың рөлі басым екенін айтып өтті. «Парасат жолы» орталығының кітапхана қабырғасынан ашылуы мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға көңіл бөлу, сонымен қоса ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдық, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпалы зор екені тілге тиек етілді. Қайрат Сапарханұлы мағыналы әңгімелерімен жүйелі сұхбат қалыптастыра алды. Сұхбат барысында адалдық жолында, әділеттілік жолында жасалып жатқан игі істер жайлы айтылды. «Парасат жолы» орталығындағы кездесулер болашақ ұрпағымыздың адал, әділ жолда еңбек етіп, халқының қамын ойлаған азамат етіп қалыптастыруына, жастарды еңбекқорлыққа, жомарттыққа тәрбиелеу бағытындағы игі бастама деп ой-пікірін білдірді.

«Артқа