Парасатты прозаның падишасы

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындажазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын қалың оқырманға таныстыру, насихаттау бағытында «Парасатты прозаның падишасы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара қонақтары ақын-жазушылар Н.Бегалыұлы, З.Қыстаубайұлы, С.Исақ, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің доценті, ф.ғ.к., А.Қалшабек, ОҚУ-нің магистр-оқытушысы А.Қоныспаева, «Оңтүстік Қазақстан» газеті, «Руханият» бөлімінің меңгерушісі Д. Бименова іскер, ізденісі мол қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған әңгімелері, романдары, пьесалары және еліміздің тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге қосқан қоғамдық үлесі туралы әңгіме өрбітті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ, ОҚМПУ, ОАИУ, «Жеңілөнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері, Әл-Фараби академиялық, №132 ЖОМ белсенді жастары қаламгердің «Парасат майданы» повесінен көрініс көрсетіп, «Әке», «Оң қол», «Айтылмаған әңгіме» т.б. шығармаларын талдап, ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, кітап көрмесі жасақталып, жазушының өмірі мен қызметі туралы «Тұлға» бейнефильмі көрсетілді.

«Артқа