Парасатқа құштарлық

«Парасат жолы» орталығында жазушы, ф,ғ,к., доцент Злиха Жантасовамен «Парасатқа құштарлық» атты онлайн сыр-сұхбат өтті. Автор керемет салихалы әңгімесімен кештің сәнін келтіріп, қойылған сұрақтарға мардымды жауап беріп, жастарға кітап оқуды насихаттады. Парасаттылық тақырыбында өнегелі ой тастап, қазіргі қоғамға жетпей жатқан адалдық, ізгілік, шыншылдық тақырыбын терең қозғап, көпшілікті қарапайымдылыққа шақырды. Кешке қатысқан политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі Ұ.Адасханова, 3011 топ жетекшісі Қ.Бекназарова кешке белсене қатысып, жазушыға ерекше ізгі ілтипатын білдірді. Іс-шара соңында автор өз оқырмандарына жүрекжарды тілегін айтып, кітаппен дос болуға шақырды.

«Артқа