Парасат майданының сардары

«Төлен Әбдікұлының шығармасының қай-қайсысы да зұлымдықтан сақтандырып, рухыңды кемелдендіре түседі».

Амангелді Кеңшілікұлы


Кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясының жыл кітабы болып таңдалған жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Парасат майданының сардары» атты әдеби танымдық қорытындылау кеші өтті.

Төлен Әбдік шығармашылығына арналған «Тұлға» бейнеролигімен басталған әдеби кешке Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент филиалының директоры, ақын Д.Танабай, жазушы Т.Төрегелдиев, ф.ғ.к. Т.Омар, аға оқытушы Р.Арынбаева және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Ж.Тәшенев атындағы университеттің филология студенттері мен «Парасат» колледжі, «Білім-Инновация» №2 лицей оқушылары қатысты.

Қазақ прозасына «Оң қол», «Ақиқат», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Әке», «Парасат майданы», «Тұғыр мен ғұмыр» т.б. шедевр дүниелер берген Төлен Әбдіктің суреткерлік шеберлігі талқыланып, пенделік санамызға ұялаған зұлымдықтың сырын ылғи да адам жанының тереңдігінен іздейтін ірі суреткер екендігі Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ филология студенттері Ж.Елемес, С.Нышан, Н.Сайлауқызы, А.Елубек, М.Орынқожа ойларымен зерделей сарапталды.

«Құдайлық шындықты адам рухының жұмбағынан іздейтін» жазушы «Жаратушының жұмбағын адамдардың тағдыры арқылы танып, ақиқатқа бір табан жақындай түсетіндігімен» де ерекше екендігі кеш тізгінін жүргізуші – модератор Т.Омар ойымен тұжырымдалып, Саз колледжі студенттері Е.Өміртайұлы, Н.Жанболат пен Ж.Тәшенев университетінің студенті Р.Аманның орындауындағы әуелете шырқалған термелер мен әндер көрермендерге әдемі көңіл-күй сыйлады.

«Артқа