Прозадағы жас толқын

Жас жазушы Жәудір Нартайдың шығармашылығына арналған «Прозадағы жас толқын» атты әдеби кеші өтті. Модератор ақын-жазушы Салтанат Айдарбекова Жәудірдің жазушылық жолына тоқталып, шығармашылығын кеңінен таныстырды. Кеш қонақтары ОҚМПУ оқытушысы, ф.ғ.к. Тоғатай Омаров, ақын Арайлым Мұратәлиева, Сезім Мергенбай іс-шара кейіпкерінің әйел тағдыры, өмірдегі болмыс пен адами шынайылықты суреттеп, оқырман жүрегінен орын тапқан әңгімелері туралы өзек жарды ойларын ортаға салды.

Кеш қонағы Жәудір Нартай өзінің әдебиет әлемі мен шығармаларындағы нәзік сезімдерін, ойлы орамдарын әдебиетсүйер оқырманға паш етті.

ОҚПУ студенттері -Ж.Елемес, С.Жақсылық, Ә.Сатбаева, А.Елеубек, ШУ студентері –Ж.Тұрдали, Қ.Әділбекқызы, М.Матлап, ОАИУ студенттері-Г.Қалдаш жазушының «Той көйлек», «Кездесу», «Зәмзәнің көк дәптері», «Мен он төртке толғанда» т.б. әңгімелерін талқылап, пікірлерімен бөліссе, Шәрбану Сайлаубек «Гүл сезім» әнін тарту етті.

«Артқа