Ризамын қазақ халқына!

Жасөспірімдер үйінде Алғыс айту күніне «Ризамын қазақ халқына!» кездесу кеші өтті. Татулық пен ынтымақтастықтың, бірлік пен берекенің белгісі ретінде ұйымдастырылған іс-шараның қонақтары Шымкент қалалық өзбек драма театрының әртістері Ибрагимжанова Дильфуза мен Искандеров Бахром Қазақстандағы Алғыс айту күнінің ерекше сипатына тоқталды. Қазақстан халқына шексіз алғысын әсем әндермен жеткізді.

Қалиев Айдос, Корнейчук Карина және Беспаева Күнімхан сынды өнерлі жастар атаулы мерекенің тартымды, мазмұнды өтуіне атсалысты. Тақырыпқа сай дайындалған тарихи, әдеби викторина барысында зерделі, білімді жасөспірімдер ерекше ілтипатқа ие болды, сыйлықтармен марапатталды. Жасөспірімдер үйінің директоры Қарсыбай Усипалиев Алғыс айту күнімен құттықтап, қонақтар мен кітапханашыларға ыстық ықыласын жаудырды.

«Артқа