Сайын даланы сүйген ер

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби, білікті дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың туғанына – 130 жыл.

Осыған орай, кітапхана ұжымы Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы мектеп оқушыларымен бірлесіп, «Сайын даланы сүйген ер» атты тарихи-танымдық кешін өткізді. Кешке ОҚМУ-нің тарих кафедрасының доценті Ж.Тілеуқұлова мен Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы мектебінің тарих пәні мұғалімі Ж.Бейсенова қатысты. Кітапхана қызметкері Ж.Турғанбаева Төреқұловтың баға жетпес құнды мұралары жайында, сүбелі мақалалары мен ерен еңбегі, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде халқына аянбай көмек беруге ұмтылғаны туралы «Төреқұлов тағылымы» тақырыбында баяндама жасады. Кеш қонақтары Төреқұловтың қазақ тілінен өзге, түрік, араб, парсы және орыс тілдерін жетік меңгергенін және Түркістан ха­лық­та­рының басын біріктірудегі тарихи еңбегі орасан зор екендігі жайында айтып өтті. Қоғам қайраткерінің солақай саясаттың құрбаны болғанын да тілге тиек етті.

«Артқа