Салауатты отбасы-дені сау бала

7 сәуір-Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Салауатты отбасы-дені сау бала» атты спорттық ойын тренинг ұйымдастырылды. Спорттық шараға Б.Саттарханов атындағы мектеп-интернат-колледжінің студенттері қатысты. Екі топқа бөлінген қатысушылар өзара қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тарту», «Қол күрес», «Қазақша күрес» бойынша күш сынасты. Жасөспірім қатысушылардың білімін шыңдау мақсатында тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесімен арнайы таныстырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша пайдалы мәліметтер берілді. «Бұл қандай спорт түрі?» атты фото-викторина ойнатылып, «Денсаулық және біз» тақырыбында арнайы сұрақтар қойылып, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа