Сан қырлы қаламгер, сарабдал қайраткер

Талантты режиссер, жазушы-публицист Камал Смаиловтың туғанына — 90 жыл толуына орай «Сан қырлы қаламгер, сарабдал қайраткер» еске алу портрет кешін кітапхана ұжымы З.Фуркат атындағы №37 мектеп оқушыларымен бірлесіп өткізіп қайтты. Қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше қолтаңбасы бар жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында көптеген мағлұматтар мен тың ақпараттармен таныстырды. Оның «Қазақфильмді» басқарып тұрған кездегі жасаған жұмыстары туралы да айтып өтті. Камал Смаиловтың шығармаларынан, фотосурет пен өмірбаянынан жасақталған кітап көрмесіне шолу жасап, сұранысқа ие біраз кітаптарын оқушыларға оқуға ұсынып, кітапханамыздың тұрақты оқырманы болуға шақырды. Оқушылар дәстүрлі әндер шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

«Артқа