Сиқырлы арман

«Сиқырлы арман» қайырымдылық акциясы аясында, балалар армандарының орындалуына жол ашты. Бүлдіршіндердің ғажайып шыршаға ілінген тілек-армандары орындалып, шат – шадыман мол қуанышқа кенелді. Мерекелік кеште балалар Аяз ата мен қонақтарға тақпақтарын айтып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ал, Аяз Ата мен Қарша қыз балаларға сыйлықтар үлестірді. Ерекше балалардың арман – тілегін орындап, таңғажайып көңіл-күй, мейірім мен жүрек жылуын сыйлаған демеуші ер азаматтарымыз Б.Саиткаримов, Д.Сабырбай, А.Байназаров, Қ.Тоғанов, Қ.Көкпаев, М.Абитов, Р.Төреханов; Ұ.Қожанова, А.Бектаева, Ж.Сманкулова, З.Адилбекова ханымдарға; Жанысбаевтар әулетіне ШЫН ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз! Жүрегі мейірімге толы, жомарт азаматтарымыз көп болсын!

«Артқа