Сыншыл, сыршыл қаламгер

Жазушы Шаймерденов мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында, драматург Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Сыншыл, сыршыл қаламгер» атты әдеби кеші өтті. Кешке Б.Саттарханов атындағы мектеп-интернат-колледжінің студенттері мен З.Фуркат атындағы №37 ЖОББМ-нің оқушыларына жазушы туралы толық мағлұмат беретін «Сафуанның сыршыл әлемі» атты бейнеролик көрсетіліп, арнайы көрмедегі кітаптарға шолу жасалынды. Сонымен қатар, жазушының «Жұлынбаған қызғалдақ» әңгімесін жастар өзара ортаға талқыға тастап, әр бала өз ой-пікірлерімен бөлісті. «Кітаптың күші, «Көр, оқы, түйсін» атты викториналық ойындар ойнатылып, кеш қорытындыланды.

«Артқа