Сырлы сөз әлемі

Кітапханамыздың «Парасат жолы» орталығы аясында, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Ақжол Қалшабекпен «Сырлы сөз әлемі» атты онлайн-сұхбат өтті. Сұхбат оқырмандармен тікелей байланыста Facebook желісі бойынша жүргізілді. Ғалым бүгінгі ұлттық әдебиетіміздегі өзекті мәселелермен бірге «Әдебиеттануға кіріспе», «Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс» атты авторлық еңбектері жөнінде сүбелі ойларымен бөлісті. Ірі реформатор Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов сынды Алаш тұлғаларының қазақ тарихындағы маңызды ролі тұрғысында ерекше ой өрбітті. «Парасат падишасы» Асқар Сүлейменовтің «Тәуелсіздіктің ерке болмысы» мен ұстазы профессор М.Мырзахметұлының ғылымдағы ерен тұлғасынан сыр тартты. Мазмұнды да маңызды өтілген сұхбатта бүгінгі қоғам мен ұлттық әдебиетіміздегі өзекті мәселелер көтеріліп, бүгінгі жастардың білімі мен тәрбиесі бойынша және алдағы ғылыми шығармашылықтар төңірегінде бірқатар сұрақтарға жауап беріп, желі оқырмандарының ризашылығына бөленді.

«Артқа