Сырлы өлеңнің сұлтаны

Қазақ лирикасының классигі, ақын-жазушы Сырбай Мәуленовтің – 100 жылдығына орай «Сырлы өлеңнің сұлтаны» тақырыбында Сырбай оқулары өтті. Ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен жырларын қатысушылар мәнерлеп жатқа айтты. Байқауға жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас қаламгер» ақындар клубының жетекшісі ақын М.Мұхтар және ардагер ақын О.Сәрсенбаев қазылық етті. Шығарманың мәнін ашып, ақынның өлеңдерін ерекше мәнермен оқып, көркемсөз оқу шеберлігін көрсете білген оқырмандар арнайы дипломмен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. І-ші орындарды А.Алмағанбетова, С.Қалмұрзаев еншілесе, ІІ-ші орындар Ұ.Оразалиева мен Е.Әуесханға бұйырды. Ал, ІІІ-ші орындарды А.Талипаева мен А.Қожахмет алды және де белсене қатысып, ерекше көзге түскен оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа