Сіз Абайды қаншалықты танисыз?

10 тамыз – Абай күніне орай, «Сіз Абайды қаншалықты танисыз?» тақырыбында қазақтың ұлы ақыны, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын жастар бойына сіңдіру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсатында саябақ демалушылары арасында әлеуметтік сараптама жүргізілді. Кітапхана ұжымы орталық саябағына шығып, Саябақ демалушыларынан, жастардан «Абай Құнанбайұлы кім?»; «Абай ақын ба, жазушы ма, композитор ма?»; «Абай күні туралы не айтасыз?» деген сұрақтар аясында сауалнама жүргізді. Ұлы Абай шығармашылығын жақсы білетіндерге тәтті ұсынса, шығармашылығынан ауылы алыс демалушыларға кітапхана баспасынан шыққан Абай туралы анықтамалық ұсынды.

«Артқа