Сөз бақыты – ұлттық рух

Кітапханамыздың «Парасат жолы» орталығы аясында, ОҚМПИ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Тоғатай Омармен «Сөз бақыты – ұлттық рух» атты тікелей эфирде онлайн-сұхбат өтті.

Ғалым бүгінгі ұлттық әдебиетіміздегі өзекті мәселелермен бірге, «ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары», «Қазіргі қазақ әңгімелері» атты Төлен Әбдіқұлының авторлық еңбектері жөнінде сүбелі ойларымен бөлісті.

Ірі реформатор Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов сынды Алаш тұлғаларының қазақ тарихындағы маңызды ролі тұрғысында ерекше ой өрбітті. Мазмұнды да маңызды өтілген сұхбатта бүгінгі қоғам мен ұлттық әдебиетіміздегі өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар оқырмандарды толғандырған сұрақтарға әдебиетші ғалым тарапынан тұщымды жауаптар беріліп отырды.

«Артқа