Табиғат соқпақтары

5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Табиғат соқпақтары» сурет салу байқауы өтті. Байқауға «Экология, өлкетану және туризм» орталығының «Жас суретшілер» үйірмесінің оқушылары қатысты. Оқушылар әсем табиғатымыздың ғажайып құбылыстарын ерекше бейнелеп қағаз бетіне түсіріп, қысқаша әңгіме құрап, табиғат жайында өлеңдер оқып берді. Қазылар алқасының шешімімен ең әдемі сурет иегерлерін арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа