Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім!

Елбасы Н.Назарбаев тілді «Биік шыңдарымыздың бірі, Қазақстанның баға жетпес қазынасы, халқымыздың болашағы қазақ тілінде», – деп қасиетті тілімізге үлкен баға берген болатын.

Қазақстан халықтары тілдері күніне байланысты ҚР Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімде «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім!» жыр кеші өтті. Кітапханашы Қ.Елекеева ҚР «Тіл туралы» Заңы, атаулы мереке туралы мағлұмат берді. Іс-шара барысында әр ұлт өкілдері, қатардағы жауынгерлер Өмірзақов, Оразғалиев, Темірбек, Казарин, Латфулин, Түсеновтің қатысуымен рухты өлеңдер оқылды, сазды әндер шырқалды.

Аға лейтенант Жақсыбаева, сержант Есимов, кіші сержант Сүлейменова, Анисимованың қатысуымен «Бабамнан жеткен асыл тіл» атты тіл туралы көрініс көрсетілді.

«Артқа