Тарихтан тағылым – өткенге тағзым!

1 наурыз – «Алғыс айту» күні. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Облыстық Жасөспірімдер үйі» КММ-де алғыс айту күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым!» атты ақпараттық-танымдық кеші өтті. Жасөспірімдер мерекеге сай викториналық сұрақтарға жауап беріп, өлеңдер оқыды, ән шырқады. Шараға қатысушылар жақсылыққа лайық адамдарға, қазақ халқына деген ізгі тілектерін, алғыстарын көбелек бейнелеріне түсіру арқылы білдірді.

«Артқа