Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан

«Тәуелсіздігімізді тойлауға атсалысайық. Рухани-мәдени іс-шаралар арқылы ұлттық рухымызды көтерейік!» Міне, осындай ұранмен кітапханашылар тағы да ауқымды іс-шараны өткізді. Бұл жолы еліміздің тыныштығын күзеткен отан қорғаушыларымызбен жүздестік. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан» тарихи-танымдық кеші 6698 әскери бөлімінде өтті. Кеште «Еркіндігім, қасиеттім,қастерлім…» атты бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды. Сарбаздар 1986 жылы болған тарихи оқиғаның желісі бойынша «Желтоқсан ызғары» атты көрініс қойып, желтоқсан құрбандарын еске алып бір минут үнсіздік жариялады. «Тарихың тұмарың» викториналық сұрақтарға қатысушылар белсене жауап беру арқылы сый-сияпаттарға ие болып, кештен рухани байып тарқасты.

«Артқа