Тарихқа тағзым

Арбат демалыс аймағында «Наурыз Шымқалада» мерекелік іс-шарасының «Тарихқа тағзым» күні аталып өтті. «Тарихқа тағзым» атты кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көрмеге ХХ ғасырдың тарихы, қазақтың би-шешендері жайында тарихи құнды кітаптар қойылды. Демалыс аймағындағы демалушы қала тұрғындары мен қала қонақтары кітап көрмесіне ерекше қызығушылық танытып, кітапханашылар әр кітап бойынша қосымша мағлұматтар беруімен көрме тартымдылығын арттырды. «Тарихқа тағзым» күні – бұл өткен тарихыңды, мәдениетіңді, әдебиетіңді білу.Өз ұлтыңның мәдени-тарихи құндылықтарыңды ұлықтау.

«Артқа