Таңғы шуақ. Парасат поэзиясы.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығында ақын, «Алтын қалам», «2019 – Жылдың үздік жүлдегері» марапаттарының иегері Дәркен Өміртайұлы Танабаевпен «Таңғы шуақ. Парасат поэзиясы.» атты онлайн сыр-сұқбат өтті. Шара барысында жеке тұлғаның қадір-қасиеті, тұлғалық кемелдігін білдіретін «Парасат» ұғымы жайында кеңінен әңгіме өрбіп, ақын әлеуметтік желідегі оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, қонақ кәде ұсынды. Сонымен қатар, автор шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісіп, көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Артқа