Туған өлкем — қандай көркем!

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кең баба» саябағында 19 маусым – Қала күніне орай «Туған өлкем — қандай көркем!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама өлкеміздің зиялы қауым өкілдері: мәдениет және тарихи- мәдени мұраны сақтау бөлімінің бас маманы-Динара Турсункулова; айтыскер-ақын – Бөрібай Оразымбетов; ақын – Омархан Даутов, Дәркен Танабаев, Дәурен Айманбет; жазушы-журналист — Сабырбек Олжабайдың құттықтау тілек-лебіздерімен басталды. Саябақ демалушыларына қызықты бағдарламалар ұсынылды: «Қызғалдақ – SITY» қала тұрғындарына қағаздан жасалған гүл шоқтары мен тәттілер тарту етілді. «Қалаға ХАТ!» тілектер тақтасына қала тұрғындары өздерінің құттықтаулары мен арнайы тілектерін жазып естелікке қалдырды. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының балаларға арналған сахналық қойылымы ұсынылды. «Сен білесің бе?» фото-викториналық ойын ойнатылды. Сонымен қатар, өлкеміздің өнерпаздары қала күніне тарту ретінде ән мен жырдан шашу шашты.

«Артқа