Тәуелсіздік бәрінен қымбат / Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты кітап көрмесі және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясына таңдалған «Рухты асқақтататын 30 кітап» атты көрменің тұсау кесер рәсімі өтті. Кеш қонақтары жазушы, журналист К.Симонов атындағы алтын медальдың иегері Нармахан Бегалыұлы, жазушы-драматург, Қазақстанның Құрметті журналисі Захардин Қыстаубайұлы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ақбота Керімбекова, Мәдени және тарихи мұраны сақтау бөлімінің маманы Динара Серікқызы, ақын зергер Рахымбек Сейітұлы, Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры А.Жаппарқұлова, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Ш.Динасилова, Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры З.Бегежанова болды.

Көрменің тұсауын Нармахан Бегалыұлы, Захардин Қыстаубайұлы, Ақбота Керімбекова, Динара Серікқызы кесіп, ізгі тілектерін білдірді.

Сондай-ақ, поэзия жанры бойынша таңдалған М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Ұ.Есдәулеттің өлеңдерінен «Поэзия әлемінің асқар шыңдары» атты әдеби-композиция ұсынылып, сазды бағдарламаға ұласты. Белсенді оқырмандар Ақерке Досқара, Бақнұр Темірханов, Арыстанбай Нұрғиса ән, күйден шашу шашты.

Кітапхана директоры Закира Парымбекова қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараға қатысушыларға алғыс білдірді.

«Артқа