Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы» мәнерлеп оқу байқауы ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінде өтті. Сарбаздар Тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетіне үлкен серпіліс әкелген ақындардың шығармаларына бойлап, «Алаш» және «Ұлан» тобы бақ сынады. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының сектор меңгерушісі Алия Аширова, 6506 әскери бөлім қызметкері Нұргүл Баятанова жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі орын иегерлері «Ұлан» тобының мүшелері: Қатардағы жауынгерлер Алмасханов Нұрлан, Турашов Бердібек, Ретімбек Айдос, додалы сайысқа белсене қатысқан «Алаш» тобының сарбаздары Аманбаев Заманбек, Қуандық Құрманқожа, Айнабай Қалижан көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Артқа