Тәуелсіздік тұғырым, Мәңгілік ел ұраным

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым, Мәңгілік ел ұраным» атты кітап көрмесі көркемделді. Көрмеге еліміздің 1991-2020 жылдардағы жеткен жетістіктері, тарихы, экономикалық дамуы туралы «Тәуелсіздік шежіресі», «Тәуелсіз Қазақстан», «Мәңгілік ел», «Азаттық аңсағандар», «Рух пен ар» т.б. кітаптар қойылып, шолу жүргізілді.

«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты тарихи-танымдық кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастау алды. Кітапхана директоры З.Парымбекова барша қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Кештің қонақтары ОҚМПУ оқытушысы, доцент, т.ғ.к. Қ.Анарбай, 29 жыл тарихы бар Тәуелсіз Қазақстанның саяси бағдары, экономикасы, руханияты және жеткен жетістіктеріне тоқталды.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Д.Керімбеков Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері жадымызда жаңғыртты, бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге екенін айтты.

«Сырлы сөз» әдеби үйірме мүшелері ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен –қазақпын» поэмасынан, Қазақстан, Отан, Тәуелсіздік туралы патриоттық жырдан әдеби композиция ұсынды.

Сазгер, профессор А.Жайымовтың «Шаттанамын» күйін №26 Жамбыл атындағы мектептің оқушысы Б.Темірханов ерекше серпінмен орындап, тарту етті. Кеш қонақтары Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай деген игі тілектерін білдірді.

«Артқа