ХХІ ғасыр Қожасы

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығына арналған «ХХІ ғасыр Қожасы» атты әдеби кеш өтті.

Қазақ әдебиетінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы, кино әлемінде ерекше орны бар «Менің атым Қожа» фильмі бойынша бейнеролик көрсетілді. Ең үздік деген туындыны оқу және оны насихаттау, рухани мұрамызды сақтау мақсатында өткен шараға №6506 әскери бөлім сарбаздары қатысты. Бердібек Соқпақбаевтың қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған құнды дүниелері туралы ақпарат берілді. «Балалық шаққа саяхат» «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың, Гауһар?» т.б. кітаптарынан үзінді монолог, «Жас өркен» шығармашыл жастар клубының мүшелері Лаура Аманбай, Акнур Куандык жазушыға арнау оқып, тереңірек таныстырылды.

«Артқа